Біздің команда
Адамдар - біздің компания жетістігінің кепілі. Осының арқасында компания жаңа белестерді бағындырып, өз қызметінің шекараларын кеңейтуде. Профессионалдық қызметкерлердің арқасында барлық туындаған мәселелер оңай әрі тиімді шешіледі.
Волков Сергей Алексеевич
Бас директор
1953 жылы 9 қаңтарда дүниеге келген. Ол «Ракета құрастыру» мамандығы бойынша - (қазір КНИТУ-КАИ) Қазан авиациялық институтын бітірген. Ұшқышпен және ұшқышсыз басқарылатын ғарыш бағдарламалары шеңберінде ракета-тасушыларды өндіретін, дамытып қолдауға бағытталған Орталық мамандандырылған конструкторлық бюрода («Самара ғарыш орталығы», Самара қаласы) жұмыс істеді. Кейінірек «Татнефтегазстройпроект» жобалау институтын (Альметьевск, Татарстан) басқарып, Татарстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық министрінің орынбасары қызметін атқарды. 1995 жылдан бастап шыныпластикалық құбырларды шығару жобасын басқарады, 2002 жылдан бастап “Шыныпластикалық құбырлар зауыты” ҒӨК(ғылыми-өндірістік кәсіпорын) ЖШС-нің бас директоры. Көптеген туындылардың авторы. Көптеген қоғамдық марапаттары мен атақтары бар, оның ішінде:. Сократ (Оксфорд, Ұлыбритания) сыйлығы және «Жыл адамы-2009» (Ресей) атағы. Іскерлік басқару докторы, Вена халықаралық университетінің құрметті профессоры (Австрия) атағына ие болды.
Волков Руслан Сергеевич
Атқарушы директор
(сату және сатып алу жөніндегі жауапты)
1983 жылы 27 қарашада Альметьевскіде (Татарстан Республикасы) дүниеге келген. 2006 жылы Мәскеу халықаралық қатынастар мемлекеттік институтын Ресей СІМ(сыртқы істер министрлігі) бітірген. 2006 жылдан бастап Каирде Ресей елшілігінің дипломатиялық қызметінде болып, одан кейін Ресей Сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратында Ресей Президентінің Таяу Шығыс елдері бойынша арнайы өкілінің көмекшісі қызметі және Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметтерін атқарған. 2012-2013 жылдар аралығында «Біріккен Металлургия Компаниясы» ЖАҚ-да жұмыс істеді. 2013 жылдан бастап -“Шыныпластикалық құбырлар зауыты” ҒӨК(ғылыми-өндірістік кәсіпорын) ЖШС-де. Ағылшын және араб тілдерін меңгерген.
Нургатин Радик Габдулхакович
Бас инженер
1980 жылы 20 мамырда Қазан қаласында дүниеге келген. 2002 жылы Қазан мемлекеттік техникалық университетінде «Композициялық материалдарды жобалау және өндіру» мамандығын тәмамдады. Ол мамандығы бойынша С.П. Горбунов атындағы Қазан авиациялық өндірістік бірлестігінде және Қазан тікұшақ зауытында жұмыс істеді. 2005 жылдан бастап -“Шыныпластикалық құбырлар зауыты” ҒӨК(ғылыми-өндірістік кәсіпорын) ЖШС-де өндірістік шыныпластикалық құрылымдарды жасау байынша оператор, сосын - инженером-технолог қызметінде. 2010 жылдан бастап - Бас директордың Іске асыру жөніндегі орынбасары. 2015 жылдың 6 мамырынан бастап - бас инженер.
Ахмадуллин Марсель Маратович
Бас директордың даму жөніндегі орынбасары
1980 жылы 11 қарашада Қазан қаласында дүниеге келген. 2004 жылы Қазан мемлекеттік технологиялық университетінің «Жоғары молекулалық қосылыстардың химиялық технологиясы» мамандығын тәмамдады, «Филология» мамандығы бойынша екінші жоғары білімі бар. 2004 жылы
“Шыныпластикалық құбырлар зауыты” ҒӨК(ғылыми-өндірістік кәсіпорын) ЖШС-не инженер-технолог болып қабылданды. 2006-2013 жылдары “Шыныпластикалық құбырлар зауыты” ҒӨК(ғылыми-өндірістік кәсіпорын) ЖШС-де бас технолок. 2013 жылдан бастап - Бас директордың даму жөніндегі орынбасары. Ағылшын тілін біледі.
“Шыныпластикалық құбырлар зауыты” ҒӨК(ғылыми-өндірістік кәсіпорын) ЖШС-не инженер-технолог болып қабылданды. 2006-2013 жылдары “Шыныпластикалық құбырлар зауыты” ҒӨК(ғылыми-өндірістік кәсіпорын) ЖШС-де бас технолок. 2013 жылдан бастап - Бас директордың даму жөніндегі орынбасары. Ағылшын тілін біледі.



